Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысында толассыз жаңбырдан бес ауылды су басты, 20 | Qazaqstan.tv

Түркістан облысында толассыз жаңбырдан бес ауылды су басты, 200-ден астам мал шығыны тіркелді

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күнгі нөсерден үйлер мен шаруашылық құрылысы, тойхана және қора жайлар суға кеткен. Сарапхана елдімекенінде 200-дей мал, Қақпақ елдімекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығынға ұшыраған.

Қазығұрт ауданында 4 елдімекенді және Сарыағаш ауданының 1 елдімекенін су басқан.

Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір су басқан аймақта ТЖД қызметкерлері мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

@qazaqstantv