Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстаннан Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Беларусь, Түрк | Qazaqstan.tv

Қазақстаннан Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Беларусь, Түркияға жаңа рейстер ашылады

Сонымен қатар Қытай, Чехия, Моңғолия елдеріне тұрақты рейстер, сондай-ақ Ресейге Қазақстан қалаларынан қатынайтын бұрынғы рейстер жаңартылады.

Осы жылдың жаз айларына арналған туристік бағдарламалар Шарм-эль-Шейх, Марс-Матрух, Анталья және Хайнань сияқты бағыттармен толықтырылады.

SCAT әуекомпаниясы бірқатар тұрақты рейстердің қалпына келтірілгенін және бірқатар жаңа бағыт: Ақтөбе-Ыстамбұл, Ақтөбе-Нүкіс, Ақтау-Нүкіс, Ақтау-Үргенч, Алматы-Наманган, Атырау-Ыстамбұл, Алматы-Джидда/Медина, Шымкент-Джидда/Медина ашылғанын хабарлады.

2022 жылы жоспарланған жолаушылар ағыны 2,5 миллионды құрайды. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 19 пайызға артық.

@qazaqstantv