Get Mystery Box with random crypto!

Павлодар мектебінде тағы өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды Т | Qazaqstan.tv

Павлодар мектебінде тағы өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды

Торайғыров көшесінде орналасқан №28 орта мектептен өрт шыққаны хабар таңғы сағат 8:04-те келіп түскен.

Жалын ғимараттың екінші қабатында басталып, шатырға дейін жеткен.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 оқушы бар.

Қазір 50 өрт сөндіруші мен 12 техника жұмыс істеп жатыр.

Толығырақ меншікті тілші сағат 10:00-де Aqparat-та баяндайды.