Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мектептерінде қыздарға орамал тағуға рұқсат берілуі | 🇰🇿 QAZAQRED | inside

Қазақстан мектептерінде қыздарға орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі айтты. Сөзінше, 2016 жылы енгізілген тыйымға байланысты мектепке бара алмай жүрген қыздар бар. Сонымен қатар министр мектепте орамал тағу мәселесі тек Қазақстанда ғана емес басқа да елдерде талқыланып жатқанын мәлімдеді.

"Бірақ Қазақстан зайырлы мемлекет, мектеп те зайырлы мекеме. Сонау 2016 жылы қабылданған бұйрық бар, талаптар да бар. Дегенмен, әр түрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Мысалы, біз Ата-анасы бас киім таға алмағандықтан мектепке бара алмай жүрген қыздардың мәселесін қарастыра алар едік. Осы себептердің әсерінен балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді, ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек", – деді Асхат Аймағамбетов

Дереккөз: Stan.kz