Get Mystery Box with random crypto!

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС ЗА | Qazaqmys_official

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытында болды.

Министр өндіріс нысанының жұмыс процесімен танысып, зауыт ұжымымен кездесті.
"Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нуриев министрге компанияның жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау, оларға қолайлы тұрмыстық жағдай туғызу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Т. Дүйсенова зауыт ұжымымен кездесуде әзірленіп жатқан жаңа Әлеуметтік кодекс, зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша бастамаларға тоқталып, халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту бағытында қолға алынып жатқан басқа да жобаларды таныстырды.
Сондай-ақ, зауыт жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді.