Get Mystery Box with random crypto!

Біз «Қазақмыс» компаниясымен бірге 1 тамыздан бастап медицинал | Qazaqmys_official

Біз «Қазақмыс» компаниясымен бірге 1 тамыздан бастап медициналық сақтандыру жүйесін енгіздік. Бағдарламаның пилоттық нұсқасы отбасы мүшелерін бекіту мүмкіндігімен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қолжетімді. Уақыт өте келе медсақтандыруды Қазақмыстың басқа да жұмыскерлеріне рәсімдеуді жоспарлап отырмыз.

Сіз келесі қызметтерді ала аласыз:

• жедел медициналық көмек;
• емдеу (амбулаториялық және стационарлық);
• отбасылық дәрігерді үйге шақыру;
• зертханалық-аспаптық зерттеулер;
• стоматологиялық қызмет көрсету және медициналық препараттармен қамтамасыз ету бойынша отбасына бірыңғай лимит жылына 50 000 теңге.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
9080 – «Қазақмыс» корпорациясында сақтандырылған азаматтар үшін арнайы желі (Kcell/Activ, Beeline үшін тегін);
2828 – жалпы желі (Kcell / Activ, Beelinebesplate үшін);
8 747 095 1395 – Теле 2 абоненттері үшін нөмір;
8 800 004 2829 – барлық абоненттер үшін қоңырау шалу тегін.