Get Mystery Box with random crypto!

Елбасы Академиясы соңғы үш айда Астанада пікірсайысшылардың қа | Qazaq Debate🇰🇿

Елбасы Академиясы соңғы үш айда Астанада пікірсайысшылардың қатысумен 3 іс-шара өткізді. Олар - Маусымашар, оқушылар арасындағы Ел үміті және студенттер арасындағы Тұңғыш кап турнирі.

Аталған шараларды ұйымдастыруға ондаған миллион теңге жұмсалғанын байқауға болады (сыйлық қоры, ұйымдастырушылар мен төрешілердің сыйақысы, жатын орын мен тамақтану мәселесі, шақырылған әртістер және т.б.).

Алдағы жылы бұл іс-шаралардың Алматыда өтетіні белгілі болды.

Бұдан бөлек, академия Пікірсайыс әліпбесі және Пікірсайысшы кодексі деп аталатын екі оқулық дайындап шығаратынын хабарлады.

Сонымен қатар, ұйым басшылығы Оқу-ағарту министрлігі жанынан ашылған Республикалық пікірсайыс кеңсесінің жұмысын сынға алып, пікірсайыста шешімін таппаған мәселелер жиналып қалған деген пікір білдірді.