Get Mystery Box with random crypto!

Ешкім қарап тұрмағандай биле, ешкім тыңдап тұрмағандай әндет, | Qazaq Debate🇰🇿

Ешкім қарап тұрмағандай биле, ешкім тыңдап тұрмағандай әндет, ешқашан жүрегі жараланбаған адамша жақсы көр және жерде жұмақта жүргендей өмір сүр" деген сөзді естіген шығарсыз.

Енді елестетіп, сезініп көріңіз.

Мен пікірсайыста өзімді осылай сезінетін едім.

7 минутқа созылатын сөзімде - әлемде менің ішкі дауысымнан басқа ештеңе жоқтай көрінетін.

Ал қалған уақытта өзімнің ең мықты 7 минут сөзімді ойластырып жүрдім.

Менің қазіргі ойым біреуге пікірсайыстың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы дегенді үйрету емес. Себебі берілген 7 минут сіздікі. Қалай ойнасаңыз да өзіңіз білесіз.

Менің ойым біреуге ұнау да емес. Себебі әркімнің өзінің сүйікті 7 минуты болатынын жақсы білемін.

Менің ойым біреуге өзінің ең мықты 7 минутын көрсетуге себепші болу.

- Кімге көрсетуге? Өзіне, әлемге.

Себебі пікірсайыс мен үшін ең алдымен өзімді тану мен өзімді көрсетудің жолы болды

Ал жеңіс деген Парасат үшін болды ғой

*суретте Қос аңыз турнирінің нәтижесі, 2018 жыл, күз

#olddays