Get Mystery Box with random crypto!

Әуелі суреттегі мәтінді оқып алыңыз. Байқағандарыңыздай, бұл | Qazaq Debate🇰🇿

Әуелі суреттегі мәтінді оқып алыңыз.

Байқағандарыңыздай, бұл төрешілік туралы анықтамадан үзінді.

"Орташа ақылды сайлаушы, яғни төреші New York Times, Economist сияқты журналдардың мұқабасында жазылатын мәселелерден хабардар,  әлемдік журналдар мен халықаралық ұйымдардың жаңалықтарын оқиды" - деп көрсетіліпті.

Бірақ жоғарыдағы сипаттау шындыққа жанаса ма? Әрине, жоқ.

Кейде халықаралық ережелерді тікелей көшіре берудің орнына, оны Қазақ пікірсайысына бейімдеу керек.

Бірден, екінші мәселені айтайын, көп жағдайда дебаттағы ойыншылардың, төрешілердің деңгейі "орташа ақылды сайлаушыдан" төмен.

Бұның шешімі - әлемде, Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерді оқып, талдап, түсініп жүру.

#төрешілік #формат