Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық бойжеткен 'ТМД аруы-2022' титулын жеңіп алды Қаз | Саяси Шолу

Қазақстандық бойжеткен "ТМД аруы-2022" титулын жеңіп алды

Қазақстандық Диана Пиртанова "ТМД аруы-2022" титулын жеңіп алды. Байқау 17 маусымда, Армения астанасы — Ереванда өткен.

Армения астанасында "ТМД аруы-2022" сұлулық сайысының финалы өтті. Байқау нәтижесінде қазақстандық қатысушы Диана Пиртанова жеңіске жетті. Мұндай ақпарат конкурстың Instagram парақшасында жарияланды.

Екінші орынды Грузия өкілі Эмми Мхитарян иеленді.

Ал жүлделі үшінші орынға эстониялық Карина Низинкая жайғасқан.

Байқаудың бас жүлдесіне ие болған қазақстандық ару мұның тосын жағдай болғанын атап өтті.

"Арменияға жақсы қарсы алғаны үшін рахмет. Маған елдің дәстүрімен, мәдениетімен танысу қызық болды. Тәжді мен киемін деп күтпеген едім", - деп келтіреді Sputnik Армения басылымы Диананың сөзін.