Get Mystery Box with random crypto!

Қасым-Жомарт Тоқаев: - 5 маусымда республикалық референдум өт | Саяси Шолу

Қасым-Жомарт Тоқаев:

- 5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады. Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.