Get Mystery Box with random crypto!

Талдықорғанда бес жылда 1 300-ден аса тұрғын үй мен пәтер заңс | Саяси Шолу

Талдықорғанда бес жылда 1 300-ден аса тұрғын үй мен пәтер заңсыз берілген. Бұл туралы қала әкімі Әсет Масабаев айтты. Сөзінше, тұрғын үйлерді жекелеген тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлер алған. Қазіргі уақытта мәселені шешу үшін үйлерді тиісті құрылымдарға қызметтік пайдалануға беру ұсынылуда. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына баспана бөлу кезінде заңбұзушылықтар орын алған.

Қала басшысы аталған санат бойынша 700-ге жуық үй мен пәтер құжатсыз берілгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта аталған тізім бойынша тексеріс жүргізілуде. Сонымен қатар «Кезекте» порталы мәселені шешу үшін іске қосылған. Ол баспананы бөлу кезінде жемқорлыққа тосқауыл болады дейді.