Get Mystery Box with random crypto!

Ақтауда 8 миллиард теңгеге стадион салынады Ақтау 15 000 орын | Саяси Шолу

Ақтауда 8 миллиард теңгеге стадион салынады

Ақтау 15 000 орынды құрайтын жаңа стадион салынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау билігі қаладағы шағынаудандардың бірінен жаңа стадионға орын бөлді.

«Аренаның өзі толығымен УЕФА стандарттарына сай болады. Жобаның құны шамамен 8 миллиард теңгені құрайды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістандағы жеті мың орындық стадион құрылысына 12,6 миллиард теңге бөлінген болатын.