Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев іс-сапармен Қостанай облысына барады Президент Қасым | Саяси Шолу

Тоқаев іс-сапармен Қостанай облысына барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі Руслан Желдібай мәлімдеді.

“Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады”, - деді Желдібай.

Ахмет Байтұрсынұлы – тілтанушы, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист. “Алаш” партиясының мүшесі.

1937 жылы репрессияға ұшырады. Қайтыс болғаннан кейін ақталған.

Қазақ тілінің негіздерін және қазақ грамматикасын анықтауға арналған ғылыми терминологияны әзірлеген.