Get Mystery Box with random crypto!

Елордада 235 мың адам сыятын жаңа мешіт ашылды Нұр-Сұлтан қа | Саяси Шолу

Елордада 235 мың адам сыятын жаңа мешіт ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында әлемдегі ең үлкен мешіттердің қатарына енген жаңа мешіт бой көтерді. Жаңа мешіт тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үш жылда салынды.

Мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 гектар Оның жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр.

Сонымен қатар, мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан.

Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар.