Get Mystery Box with random crypto!

Ресей халқының саны 430 мыңға азайған Биылғы қаңтар мен мамыр | Саяси Шолу

Ресей халқының саны 430 мыңға азайған

Биылғы қаңтар мен мамыр айында Ресей халқы 430 мыңға азайған, деп хабарлады moscowtimes.ru сайты.

Қырым халқын қосқанда қазір Ресей халқы 145,1 млн адамды құрайды. Ал Қырымды есептемегенде – 142,7 млн.

Росстаттың "Әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы" есебіне сәйкес, алғашқы айларда Ресей халқы ай сайын орташа есеппен 86 мыңға азайып отырған. Бұған дейін адам өліміне қатысты антирекорд 2002 жылы тіркелген. Сол жылдары Ресей халқының саны бір жыл ішінде 685 мың адамға немесе айына орта есеппен 57 мың адамға азайған.

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің болжамы бойынша, Ресейде халық санының қысқару процесі жалғасады және 2050 жылға қарай елде 133 миллион тұрғын болады.