Get Mystery Box with random crypto!

'Астана' еурокубок турнирінен шығып қалды “Астана' өз алаңын | Саяси Шолу

"Астана" еурокубок турнирінен шығып қалды

“Астана" өз алаңында Польшаның "Ракувынан" 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Конференция лигасының екінші іріктеу айналымында "Ракувпен" кездескен елордалықтар бұл жолы да қарсыласынан басым түсе алмады.

Алғашқы он минутта-ақ польшалықтар қақпаға бірнеше рет соққы жасаған. Украиналық Владислав Кочергин айып алаңынан соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады. “Астана” жағдайды түзетуге тырысқанымен, есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды

Еске салайық, бір апта бұрын Польша жерінде Срджан Благоевич ойыншылары 5:0 есебімен ойсырай ұтылған еді. Осылайша Қазақстанның алты дүркін чемпионы еурокубок турнирінен шығып қалды.