Get Mystery Box with random crypto!

Ақтөбеде жемістер мен көкөністерден нитраттардың шамадан тыс м | Саяси Шолу

Ақтөбеде жемістер мен көкөністерден нитраттардың шамадан тыс мөлшері анықталды

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жеміс-көкөніс өнімдерінің сынамаларын зерттеген. Қауында нитрат концентрациясы 2,3 есеге артқаны анықталды.

Нитраттар, азот қышқылының тұздары адам ағзасында нитриттерге айналады, бұл уланудың ауыр түрлеріне әкеледі.

Көкөніс-жемістерден уланудың алдын алу үшін:

өнімдерді азық-түлік базары, супермаркет және арнайы дүкендерден сатып алған жөн;

нитраттың тұтынылатын мөлшерін азайту үшін көкөністер мен жемістерді қабығынан, сабақтарынан мұқият аршыңыз;

өнім қабығының бүлінбеуіне назар аударыңыз, оның жарылмаған, соғылмаған болуы өте маңызды;

кесілген өнімдерді тоңазытқышта бір күннен артық сақтамаған жөн.