Get Mystery Box with random crypto!

Дариға Назарбаеваға тиесілі танымал газет жабылады «Караван» | Саяси Шолу

Дариға Назарбаеваға тиесілі танымал газет жабылады

«Караван» газетінің баспа нұсқасының 1 қыркүйектен бастап тоқтатылуын оның бас редакторы Игорь Шахнович Forbes.kz-ке берген түсініктемесінде растады.

Оның айтуынша, «Караван» сайты жұмысын жалғастыра береді, тек баспа нұсқасы тоқтатылады. Сондай-ақ Шаханович аталған басымнан кететеін айтты.

«Газет тиімсіз. Сайт қандай режимде жұмыс істесе, сол режимде жұмыс істейтін болады. Біз оны дамытуымыз мүмкін. Бірақ менсіз, мен кетемін. Сайтты Леонид Юрьев (бас редактор) басқарады, ол басшы болып қала береді», – деді Шахнович.

Айта кетейік, «Караван» – 1991 жылы журналист және кәсіпкер Борис Гиллер ашқан Қазақстандағы алғашқы апталық коммерциялық газет. Сол уақыттан бері басылым меншік құқығын біршама өзгертті. Қазір құрылтайшысы оны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры құрған «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС болып табылады. Ұйымның сайтында бұл «елдегі ең ірі коммерциялық емес қор» деп жазылған. Қордың директоры – Дариға Назарбаева.