Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда алдағы тәулікте жаңбыр күтіледі Қазақстанда алдағ | Саяси Шолу

Қазақстанда алдағы тәулікте жаңбыр күтіледі

Қазақстанда алдағы тәулікте жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның көптеген өңірлерінің ауа-райына оңтүстік циклон әсер етеді-жаңбыр жауады, 16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында найзағаймен, қатты желмен қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамында.

Хабарда атап өтілгендей, демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонның жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райына ықпал етеді.

«Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+40°С, солтүстік-батыста +25+40°С, оңтүстік-батыста +36+45°С, оңтүстікте +33+42°С, оңтүстік-шығыста +20+35°С болса, еліміздің солтүстігінде + 24+33°С-тан +20+30°С-қа дейін, ортасында +27+38°С-тан +23+33°С-қа дейін, шығысында +21+33°С-тан +16+28 ° С-қа дейін төмендеуі күтіледі.