Get Mystery Box with random crypto!

Келесі жылы коммуналдық тарифтер көтеріледі Келесі жылдың екі | Жаңалықтар - Qaz365.kz

Келесі жылы коммуналдық тарифтер көтеріледі

Келесі
жылдың екінші жартысында әрбір өңірдегі инженерлік желілердің тозуына қарай тарифтер 20-30 пайыз көтеріледі.

Қазіргі кезде республика бойынша тозған инженерлік желілер көп, кейбір қалаларда осы көрсеткіш 80 процентке дейін жеткен. Мұның барлығын тарифтің есебінен жаңарту жоспарланып отыр.

Келесі жылда, шамамен, екінші жартыжылдықтан бастап тариф жағынан өзгерістер болады. Себебі жеке меншік субъектілерге, содан кейін мемлекеттік меншікте болатын субъектілерге желілерді жаңарту керек. Өздеріңізге мәлім, президент өзінің сайлауалды бағдарламасында нақты міндет қойды, желілердің тозуын, кемінде, 15 процентке төмендету керек. Біз желілердің тозу көрсеткішін, шамамен, 15-20 процентке төмендетеміз. Тариф көтеріледі, басқа жол жоқ, - деді Қуантыров сенатта өткен брифингте.

Толығырақ сайтта

@qaz365kz