Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда электромобильдер үшін инфрақұрылым жасалмақ Мәжіл | Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстанда электромобильдер үшін инфрақұрылым жасалмақ

Мәжілістің
қарауындағы «Автомобиль көлігі туралы» заңда «электрокөлік» және «гибридті автокөлік» ұғымдары бекітіледі. Бұл елімізде экологиялық таза көлікті насихаттау және электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту үшін жасалмақ

Егер заңдарға өзгеріс енсе аудандар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежай, вокзал, сауда объектілері мен базарлардың, театр, Цирк, кинотеатр, мәдениет және демалыс саябақтары жанында, сондай-ақ алаңдар, даңғылдар, көшелерде электрмен қуаттау станцияларымен жабдықталған тұрақтарын ұйымдастыруға міндеттелмек.

Сонымен қатар шенеуніктер мен жолға жауаптылар орталық электржабдықтау желілеріне кіру мүмкіндігі бар, ерекше қорғалатын аумақтарда, елді мекендерде және қала маңындағы трассаларды жобалау кезінде электр зарядтау станциялары бар тұрақтарды міндетті түрде ескеруі тиіс.

@qaz365kz