Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан жайлы естеліктер байқауы! Құрметті оқырмандарымыз, | Qaytalanbas

Түркістан жайлы естеліктер байқауы!

Құрметті оқырмандарымыз,
Былтыр жыл соңында Түркістандағы 6 жас ақын Еламан Төлеутай, Ғылымнұр Кәдірбай, Арқалық Әмәлиятұлы, Тілеубек Батыс, Қайсар Бауыржан мен Мейір Оразғалиевтің "Құдай жайлы ойланатын қала" атты өлең жинағы жарық көрген еді.

Жас шайырлардың күмбез шаһарда жазған өлеңдерінен құралған жинақтың 5 кітабы @kitapuzindisi жобасына сыйға берілді. Осы орайда, біз бұл антологияларды оқырмандарымыз арасында байқау ұйымдастырып, таратып беруді жөн көрдік.

Байқау ережелері қарапайым: осы жазбамыздың пікіріне өзіңізді Түркістанмен таныстырған тамаша естелігіңізбен бөлісесіз. Үздік естелік авторларына кітабымызды сыйға тартамыз.

Демек, байқау шарттары белгілі болса, біз конкурсты бастаймыз!


Жеңімпаздар 3 наурызда анықталады. Кітаптар өз қалаңызға жеткізіледі.