Get Mystery Box with random crypto!

Журналист Михаил Козачков кейде ақпаратты 'біртүрлі' қылып тар | Қатал редактор

Журналист Михаил Козачков кейде ақпаратты "біртүрлі" қылып таратады: "И у меня возникло ощущение, что она просто подписала контракт с какой-то мутной конторой, а теперь за разрыв соглашения надо платить, причём солидную сумму. Отсюда и крик о помощи чтобы государство спасло. Ну не знаю".

Әңгіме Лаоста қиын жағдайға тап болған Қазақстан азаматы туралы. Сілтемесінде оқиғаға түсінік берген Қазақстан дипломаты қыз Лаостың заңы нашар жеріне тап болғанын айтқан. "Ол алаяқтардың құрбаны болғаны анық" дейді консул. Соған қарамастан Козачков қыз өзі бірдеңе бүлдіргендей емеурін танытыпты. Біріншіден, Қазақстан азаматы әлденені дұрыс айтпай отыр ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Екіншіден, кез келген адам қателеседі. Үшіншіден, кез келген адам көмек сұрауға құқылы. Төртіншіден, тіпті журналистің топшылағаны дәл болса да, осындай пікірімен ол "Обалы жоқ, алданып барған екен, біз неге құтқаруымыз керек?" деп жазып жатқан комментаторлардан кем болмай отыр.