Get Mystery Box with random crypto!

Қой, мейрам деп отыра береміз бе осылай, тиісейік жұртқа #депп | Қатал редактор

Қой, мейрам деп отыра береміз бе осылай, тиісейік жұртқа #деппа.

"Қолымызда тәттi латтемен
Серуендеп түнгi Алматымен
Сенiң caлғaн әнiңдi ұнаттым мен".
(с) Raim, Artur.

Латте қолымызда болса, оған көмектес септік жалғауы қажет пе?! "Түнгі Алматымен серуендеу" "түнгі самалмен" деген сияқты контекст шығар, сонда да біртүрлі. "Сенің салған әнің" – буын саны үшін болмаса, "салған әнің" дегесін "сенікі" екені түсінікті.

"Күнде TV-дан әнім жүреді,
Кейде бәріне бәрібір болад, бәрі біледі!
Бізде қартайған шалдардың өзі
Джеки, Джет Ли, Брюс Лидан қарағанда hero".
(с) Kalifarniya.

Әрі қартайған, әрі шал. "Ән менен әнші қанатты құстардай" деген сияқты.
"Брюс Лидан қарағанда емес, Брюс Лиге қарағанда". КімГЕ қарағанда.

"Өтірік жігіттері телефон шалған кезде
Анашым шығармайд деп өтірікті алдайды".
(с) Qanay.

Ol Qyz деген әнде бәрі өтірік болып кетіпті. Мәдина екеуі айтатын нұсқасында өлеңді біраз өзгертіп, жақсартқандай болған.

"Әрбір жігіт әнге салған
Осы бір ән есте қалған".
(с) Рахымжан Жақайым.

Бұл да сондай.