Get Mystery Box with random crypto!

Маңызды кездесуге (сен солай деп есептейтін) бара жатқанда көл | соджу

Маңызды кездесуге (сен солай деп есептейтін) бара жатқанда көлік кептелісіне тап боласың. Дәл сол сәттегі сенің эмоцияң, ішкі күйің, өз-өзіңді ұстауың.. сол(ар) арқылы өзіңді жақынырақ тани бастайсың,

Кейінгі 3 күнде сондай жағдайға екі рет тап болдым. Екеуінде де дүрлікпей, ашуланбай, үйден ертерек шықпағаным үшін өкінбей, кітабымды оқып отыра бердім.

Сен дәл сол жерде, дәл сол сәтте ашуланғанмен ештеңе өзгермейді. Жағдайды өзгерткің келе ме, әрекет жаса. Айталық, көліктен шығып, басқа көлікке отыр немесе жаяу жүр және т.б. Өзгертпейсің бе, жағдайды қабылдап, сол жағдайдан сабақ ал да, ары қарай өз шаруаңмен айналыса бер. Ашуланба да, жүйкеңді де құртпа.