Get Mystery Box with random crypto!

Асылындағы кейіпке тартамыз ба? Біз айтамыз: Адам өзгермейді | a.jaksibayevna__

Асылындағы кейіпке тартамыз ба?

Біз айтамыз: Адам өзгермейді бұрын қандай болса, сол күйіне асылындағы бейнесі мен мінезіне тартып тұрады дейміз. Тағы да дәлелдегіміз келеді Адам өзгермейтіндігін. Оның генінен не өткен болса, сол қалыптың адамы дейміз. Ілім мен ғылымнан дәлелдер мен мысалдар келтіреміз Өзгермейтіндігін мойындату үшін.

Менің ойымша, ондай емес.Егер адам өзгергісі келмесе, өзгеру олар үшін жат болғанда Алла Тағала Пайғамбарларды түсіріп, бізді оларға мұқтаж еткізбес еді. Пайғамбарлар бізді өзгерту үшін келді. Пайғамбарымыз (с.а.у) Ахлақты тура жолды көрсетті-осы жолдан жүрсең адаспайсың деген.