Get Mystery Box with random crypto!

​​ #Парламент бюджетті тиімді пайдалануға қатаң бақылау жасап | QARJYMIN.KZ

​​ #Парламент бюджетті тиімді пайдалануға қатаң бақылау жасап келеді.

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.

«Осы Парламенттік сессия кезінде барлық фракция өкілдері әдеттегідей мемлекетіміздің экономикалық және қаржы-бюджет саясатын қолдауға ерекше көңіл бөлді. Себебі қаржы саласы еліміздің дамуын, халқымыздың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етудің басты кепілі. Бұл бағытта біз 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға тиісті түзетулер енгізіп, Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз еттік. Соның нәтижесінде әлеуметтік қолдауға, денсаулыққа, білім, шағын және орта бизнес, еңбекпен қамту салаларына, инфрақұрылым, басқа да маңызды бағыттарды дамытуға қосымша үлкен қаражат бөлінді», - деді палата төрағасы.

@qarjyminkz