Get Mystery Box with random crypto!

ТОП-5 факті 1-сұрақ: Егер мен жұмыс істеп, бақылау-кассалы | QARJYMIN.KZ

ТОП-5 факті

1-сұрақ:
Егер мен жұмыс істеп, бақылау-кассалық аппаратты барлық сатылған тауарларға қолдансам, енгізілген нормалардың салдары
қандай болмақ?

Жауап: Бақылау-касса машиналарын пайдаланатын және заңды айналымды көрсететін кәсіпкерлерге бұл ереже әсер етпейді.

2-сұрақ:
Екінші деңгейлі банктер потенциалды «құқық бұзушыларға» талдау жүргізіп, мұндай салық төлеушілер туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына береді ме? Достары мен туыстарына аударма жасайтын қарапайым адамдарға уайымдамауға болама?


Жауап: Иә, дұрыс, бұл ереже жеке адамдарға әсер етпейді. Потенциалды «құқық бұзушылар» тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалатын болады, оның критерийлерінің бірі: күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет ақша аударымдарын қабылдаған бір тұлғаның кәсіпкерлік қызметі анықталады.

3-сұрақ:
Енгізілген өзгертулер тек кәсіпкерлерге қатысты, ал жаңа жылдан бастап «мобильді төлемдер» деген жаңа ұғым пайда болады және бұл өздеріне ыңғайлы жолмен ақша аударатын қарапайым халыққа әсер етпей ме?


Жауап: Бұл ереже тек кәсіпкерлерге қатысты екені рас, бұл ереже жеке тұлғаларға қолданылмайды.

4-сұрақ:
Критерийлер туралы механизм жобасы ресми түрде жариялана ма? Мобильді аударымдар үшін бекітілген критерийлерді көре аламыз ба?

Жауап: Белгіленген критерийлер қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық актілерде» талқылау үшін ресми түрде жарияланады.

5-сұрақ:
Кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап мобильді төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін кәсіпкерлік қызметке бөлек шот ашу керек пе?


Жауап: Дұрыс, кәсiпкерлерде мобильдi төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін жеке бизнес-шот болуы керек.
Сонымен қатар, жеке тұлға үшін тауарларды төлеу кезінде ешқандай өзгерістер болмайды.


@kgdmfrk