Get Mystery Box with random crypto!

​​ ҚР Қаржы министрлігі мұражайындағы жәдігерлер туралы ақпар | QARJYMIN.KZ

​​ ҚР Қаржы министрлігі мұражайындағы жәдігерлер туралы ақпар беруді жалғастырамыз.

Министрлік қызметі қаржымен тікелей байланысты болған соң, бұл айдарды төл валютамыз - теңгеден бастауды жөн санадық.

1993 ж. бастап, әр жылдары айналымда болған теңге үлгісі осы мұражайда сақталған.

Қызықты дерек:

18,7 трлн теңге – дәл осынша көлемде ақша қазір ішкі айналымда бар.
Соның 1,8 трлн теңгесі банкнот пен тиын түрінде азаматтар қолында жүр.

Ұлттық банк дерегінше, жылына шамамен 5,4 трлн теңге ұлттық төлем жүйесі арқылы өтеді (Қазақстанда жалпы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді).

Айналымдағы ақшаның – 98% банкнот болса, 2% темір ақша.

Ал, сіз бұл банкноттарды пайдаланып үлгердіңіз бе?

@qarjyminkz