Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Алматыда өткен IX Қазақстан | QARJYMIN.KZ

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Алматыда өткен IX Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресіне қатысты.

Өз сөзінде Қаржы министрлігінің басшысы Ұлттық қордан тартылатын қаражатты қысқарту бойынша жоспарлар, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, көлеңкелі экономиканы азайту, оның ішінде бақылау-өткізу пункттерін реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру шаралары және кедендік функцияларды орталықтандыру туралы айтты.

Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеу мәселесіне тоқталды.

Еске салайық, бүгін, 12 қарашада Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі өтіп жатыр, оған еліміздің экономикалық сала министрліктері мен қаржы ұйымдарының басшылары жиналды. Шара барысында экономика және қаржы саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылау жоспарлануда.



Министр финансов РК Ерулан Жамаубаев принял участие в IX Конгрессе финансистов Казахстана, проходящего в Алматы.

В ходе выступления глава Минфина рассказал о планах по сокращению привлекаемых средств из Нацфонда, мерах по повышению доходной части бюджета, сокращению теневой экономики, в том числе реконструкции и техническому дооснащению пунктов пропуска и централизации таможенных функций.

Также, Ерулан Жамаубаев рассказал о разработке Концепции по управлению государственными финансами.

Напомним, сегодня 12 ноября в г.Алматы проходит Конгресс финансистов Казахстана, который собрал глав министерств экономического блока и финансовых организаций страны. В ходе мероприятия планируется обсуждение широкого круга вопросов экономической и финансовой сфер.

@qarjyminkz