Get Mystery Box with random crypto!

РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ Үш жыл бойы «ешқандай қос билік жоқ» - деп | QARA PAIYM

РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ

Үш жыл бойы «ешқандай қос билік жоқ» - деп келген Ақорда өзін реанимировать еткісі келеді.

1995 жылы екі бірдей референдум өтті. Сол екі референдумдардан кейін Назарбаевтың қолына шексіз билік тиді. Ол өзінің қитұрқы істерін жасауға кедергі болған Жоғарғы кеңесті таратты.

Енді Тоқаев «халық үшін» деген сылтаумен тағы бір референдум өткізбекші. Жалпы демократиялы мемлекеттерде сайлау, референдум ол кәдімгі саяси инструмент. Оған велосипед ойлап тапқандай жыртылудың қажеті жоқ. Тіпті Швейцария сияқты мемлекеттерде айына бір референдум өтіп тұрады. Ал, біз бәрін науқаншылыққа салып жібереміз. Мұғалімдерді кешке дейін мектепте ұстап, мемлекеттік қызметкерлер постерлерді авасына қойып, студенттерді жұмылдырып быт-шыт қылып жібереміз.

Тоқаев 16-шы мамырда Қазақстан енді президенттік басқару жүйесіндегі мемлекеттен, президенттік-парламенттік басқару форматына ауысады деді. Референдумнан кейін шын мәнінде солай бола ма?

Жоқ. Орталық сайлау комитетінің төрағасын, Конституциялық соттың төрағасын жаңа Конституция бойынша да президент тағайындайды. Үкіметті президент құрады. Енді орталық сайлау комитетінің төрағасы өзін тағайындаған адамның сайлауда жеңіліп қалуына қалай жол береді?)

Сотта референдумнан соң президентке тәуелді орган болып қала береді.
Сосын айналайын оптимисттер-ау, жаңа конституцияны Назарбаевқа ода мен өлең арнаған ескі депутаттар жазып шықты. Олар президент апаратынан түскен кез-келген тапсырманы орындайтын пешка екенін Елбасы туралы заңның конституцияға еніп кеткенінен түсінуге болады емес пе, енді өздері жазған заңды, өздері жыртып, өздері өзгертіп жатыр.

Назарбаевтың есімін Конституциядан алып тастау, президент отбасының мүшесі билікте болмау керек деген пунктер популизмнің ең жоғарғы деңгейі және бізге «тоесть» сіздерге ол өтті.

Мысалы Тоқаевтың ұлының әйелінің інісі «реально» Бағдат Мусиннен ақылды болса, оған барлық баспалдақтарды өтіп, министр болуға неге Тоқаевпен туыстығы кедергі болуы керек?

Бізге қазір не керек?
Әділ сот. Әділ сайлау. Тәуелсіз БАҚ. Осы 3 институт бізде болса, қалғанының бәрі табиғи жолмен өзі жүзеге асады.