Get Mystery Box with random crypto!

QARAKESEK - “Әлди” solo 2023 текст;мәтін Қ/сы: Әлди - Әлди | QАRАКЕSЕК

QARAKESEK - “Әлди” solo 2023

текст;мәтін

Қ/сы:

Әлди - Әлди - Әлди Ұлым-ау,
Сендей жарық жоқ еді-ау.
бөлмемде бұрын-ау
Сені берген, Жақсы-ның жақсылына таңғаламын,
Әлди - Әлди жан балам.

1.Ұлым-ау
Ертең жүгіресің құлыным-ау.
Сені жоқтан бар еткеннің
Құдіретіне таңғаламын.
Жарық дүниеге. қош келдің балам!

Рэп:
Қош келдің баламыз.
Біз қасыңда боламыз,
Шүкір етіп бұрыламыз
Мекке жақта құбыламыз.
Бәріне бірге жетеміз,
Рахман қаласа
Қыс болсада ыстық
24-ші Қараша.

О Жаратқан
Күнді-түн, түнді-күн қылған.
Қураған бау бағымды,
Гүл қылған,
Тып-тыныш үйімнен,
Анамның әлдиі естілді. (2х)

Қ/сы:

Әлди - Әлди - Әлди Ұлым-ау,
Сендей жарық жоқ еді-ау.
бөлмемде бұрын-ау
Сені берген, Жақсы-ның жақсылына таңғаламын,
Әлди - Әлди жан балам.


2.Үйден шықсам, үйге асығамын.
Асығамын қасыңа.
Қасыңда шаршағаным басылады,
Иісің - Шипа басыма.
Анашым - асыл қазынам,
Сені сүйсем жазыламын.
Ана-жаным - асыл қазынам,
Сені құшақтасам жазыламын.

Әлди - Әлди, Әлдиіңнен айналайын аппақ Анам.
Адам болып кеткенімді, ойлайтын тек сен ғана..

Қ/сы:

Әлди - Әлди - Әлди Ұлым-ау,
Сендей жарық жоқ еді-ау.
бөлмемде бұрын-ау
Сені берген, Жақсы-ның жақсылына таңғаламын,
Әлди - Әлди жан балам.