Get Mystery Box with random crypto!

QARAKESEK - “Кемемен” |solo текст : мәтін 1.Терезенің сыртын | QАRАКЕSЕК

QARAKESEK - “Кемемен” |solo

текст : мәтін

1.Терезенің сыртында жаз
Балалар мәз.
Қызыл сары ақ гүлге қонды көбелек,
Бізге басқа не керек?

Бөлінбесін денең денемнен,
Кеудеңді сезді кеудем.
Гүлдер өседі, Аспаннан су ағады
Жүземіз әлі “Кемемен”

Қ/сы:

Кемемен, Кемемен
Өмір толқынында.
Кемемен, Кемемен
Көңіл толқынында.

2.Ашуы лезде тарайды,
Көздері күнде арайлы.
Ол мен үшін түн де сұрайды,
Ол маған бар жақсыны қалайды.

Рэп:
Бірге қол ұстасып - Жарыққа
Жарық себепші болып шабытқа.
Уақыт жетеді, өзіңмен өзің тарықпа.
Жай-жайдан келеді айналамыз қалыпқа.

Төбемде көк аспан, қолымда көк ту
Әлі қалықтаймыз.
Қасымнан кетпе, әлі әлемді таптаймыз…

Қ/сы:

Кемемен, Кемемен
Өмір толқынында.
Кемемен, Кемемен
Көңіл толқынында

(Кемемен, Кемемен, Кемемен
Кеме, мен толқыны) 2х