Get Mystery Box with random crypto!

Буыны қатпаған сезімтал сәби айналадағы ақпаратты (почти) сүзб | qant

Буыны қатпаған сезімтал сәби айналадағы ақпаратты (почти) сүзбей жұта береді ғой.
Міндетті түрде үлкендердің ашуға мініп, ұрсып-ұрғанынан ғана жара қалмайды. Жай әншейін айтыла салған сөздер, өздеріне қызық көріп күлгені, тұрмыстың шаршатқанына уһілегені. Бәрі қараптан-қарап жинала береді.

Содан сәби ажыратып көрсін ал. Бұл “аһ-уһ”-тің себепкері емес екенін қайдан білсін ол? “Мен шаршатқан екем” деген ақпармен сақталды да қалды. Ал сосын одан кейін оны қозғап көр. Қыңырлық немесе еркелік көрсетіп көр.

Есейгің келген сайын осындай майда-шүйделерің түгендене береді ма бірдеңе.