Get Mystery Box with random crypto!

Тамаша жаңалық! Microsoft елімізде мультиаймақтық хаб ашпақ | Qalaysyn 🇰🇿

Тамаша жаңалық!

Microsoft елімізде мультиаймақтық хаб ашпақ

Сүйіншіні Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі сұрады.

Microsoft корпорациясы Қазақстанда орналасатын мультиаймақтық хаб ашуға дайын екені жөнінде ресми түрде Қазақстан тарапын хабардар етіпті. Бағдат Мусиннің дерегінше, бұл хаб Орталық Азия елдерінен бөлек, Әзербайжан, Армения, Грузия, Монғолия және Пәкістан елдерін де қамтиды.

«Сондай-ақ корпорацияның ChatGPT сияқты көптеген сервистерінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесі талқыланды. Бұл бізге қай жағынан тиімді? Microsoft қызметін локализациялау Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді», – деді Бағдат Мусин.