Get Mystery Box with random crypto!

Шетел азаматтары үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуғ | Qalaysyn 🇰🇿

Шетел азаматтары үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау басталды.

Грант саны:
Бакалавриат – 490
Магистратура – 50
PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаға кім өтініш бере алады:
Шетел азаматтары
Шетел азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар

Стипендия қамтиды:
тегін білім беру
ай сайынғы стипендия

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2023 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін

Стипендиялық бағдарламаға қалай өтініш беруге болады:
Онлайн Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya веб-порталы (веб-сайты) арқылы.

Өтініш беруші қандай құжаттарды ұсынады?
Құжаттар тізімін мына жерден табуға болады https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya

Құжаттарды қабылдау тәртібі қандай?
1. құжаттарды Оператордың https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya сайты арқылы тапсыру;
2. Оператордың құжаттарды тексеруі. Құжаттар барлық талаптарға сай болған жағдайда, өтініш беруші көрсеткен поштаға онлайн тестілеуге сілтеме жіберіледі;
3. бейімделу потенциалын анықтау үшін онлайн тестілеу. Онлайн тестілеуден сәтті өткендер онлайн сұхбатқа шақыру хатын алады;
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оператордың және жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн сұхбат;
5. ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін Стипендиялық бағдарламасы бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау.

Виза мәселелері бойынша ақпаратты мына жерден алуға болады: https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru

Барлық сұрақтар бойынша:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31
E-mail: admission@n-k.kz