Get Mystery Box with random crypto!

Құранда он төрт жерде сәжде аяты бар. Бұларды оқыған, естіген | ислам | даму 📊

Құранда он төрт жерде сәжде аяты бар. Бұларды оқыған, естіген адамның сәжде етуі – уәжіп. Тиләуәт сәждесін жасайтын адамның дәреті, әурет жерінің жабық болуы тиіс. Ниет етіп, құбылаға қарап, қолдарын көтермей «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады.

Үш рет «субхана раббиал-а’ла» дегеннен кейін қайта «Аллаһу әкбар» деп орнынан тұрады. Бұлай істеу – сүннет. Бірақ артынан «Ғуфранака рәббәнә уа иләйкал-масир» деу – мұстахап. «Аллаһым! Кешіріміңді тілеймін. Сөзсіз саған қайтамыз».

Кісі бір жерде тұрып, бір сәжде аятын бірнеше мәрте қайталаса, бәріне бір сәжде жеткілікті. Бірақ бір жерде әр түрлі сәжде аятын оқыса, әрқайсысына жеке-жеке сәжде қажет. Аятты радио, телеарнадан естуі мен жанындағы адамнан естуі арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Хайыз бен нифастағы әйелдерге сәжде аяты уәжіп емес.

Сәжде аяттары: Ағраф, 7/206, Рағыд, 13/15, Нахыл, 16/50, Исра, 17/109, Мәриям, 19/25, Хаж, 22/18, Фурқан,
25/60, Нәмл, 27/25, Сәжде, 32/15, Сад, 38/24, Фүссиләт, 41/37, Нәжм, 53/62, Иншиқақ, 84/20, Алақ, 96/19.