Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіполағы ұйым төрағасы Мұқашева Айгүл Мақсатқызын туған күнімен құттықтайды.

Құрметті Айгүл Мақсатқызы! Сізді бүгінгі меншікті мерекеңізбен құттықтай отырып, осы қуанышты күні Сізге әріптестеріңіздің ақжарма тілегін арнаймыз.

БІлім-ғылым саласының сан мыңдаған қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделлерін қорғау жолындағы қажырлы қызметіңізге табыс, бақ-береке тілейміз.

Салалық кәсіподақ жұмысын жаңа деңгейге шығару бағытындағы еселі еңбегіңізбен бедел биігінен көрініп, мәртебе-мерейіңіз арта берсін.

Кәсіподақ мүшелерінің игілігіне арналған барлық бастамаларыңыз сәттілікпен сабақтасып, ел алғысына бөлене беріңіз! Деніңіз сау, айналаңыз аман, бақытыңыз баянды, ғұмырыңыз ұзақ болсын!