Get Mystery Box with random crypto!

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ —————————————————— ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫН | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ

——————————————————

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ АҚЫСЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Қызметкердің еңбек демалысының ақысы бір күндік *орташа жалақыны еңбек демалысы ұзақтығындағы жұмыс күндер санына көбейту арқылы анықталады.

Орташа жалақыны есептеу тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен (әрі қарай-Бұйрық) реттеледі.

Бұйрықтың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы- орташа күндік (сағаттық) жалақыны *оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

оқиға – ақылы еңбек демалысының ұзақтығы.
Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы *есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын *есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады

есеп айырысу кезеңі – оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айлар кезеңімен тиісті байланысы бар ақы (төлем) немесе қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген жағдайда, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең.

Сонымен, орташа бір күндік айлықақы - қызметкерге белгіленген (еңбек демалысының күнтізбелік күндері ұзақтығындағы https://www.facebook.com/100057669759006/posts/681356760463310/?mibextid=Nif5oz) жұмыс күндер санына көбейтіліп ,еңбек демалысының ақысы анықталады.

Маңызды ! ҚР Еңбек кодексінің 90-бабының 1-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі

Қосымша! Осы есептелген еңбек демалысы ақысының сомасынан жеке табыс салығы және басқа да міндетті төлемдер ұсталады.