Get Mystery Box with random crypto!

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС С | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

2023 жылғы 13-14 ақпанда Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашеваның Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары өтуде.

13 ақпанда «Мұғалімдер үйі» базасында кәсіподақ активі өткізілді.

Қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Назгуль Касенова құттықтау сөз сөйлеп, активке қатысушыларды: мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру ұйымдарының басшыларын, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары таныстырып өтті.

А. Мұқашева қатысушыларды Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 2022 жылғы қызметінің қорытындыларымен, алдағы жұмыстағы негізгі міндеттермен таныстырды.

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ басшысы Инесса Чернышева облыстың білім беру ұйымдары үшін кәсіподақ пен әлеуметтік әріптестердің өзара іс-қимылының тиімділігі атап өтті.

«Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімнің қосымша кепілдіктері туралы айтып берді.

Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасов ауданның білім беру саласындағы мәселелерін атап өтіп, оларды шешу үшін салалық кәсіподағының қатысуымен нақты шаралар белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізді.

Диалогқа сондай-ақ: Қазақстандық салалық кәсіподақтың құқықтық мәселелер жөніндегі маманы А. Ж. Бектабанов, «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ бөлім бастығы Г. К. Тоқтасынова, білім беру қызметкерлері кәсіподағының Зайсан аудандық ұйымының төрағасы К. Е. Сайранов және т. б. қатысты.

Кездесу барысында білім беру қызметкерлерінің өзекті мәселелері көтерілді. А. Мұқашева жергілікті кәсіподақ комитетінің мүшелері мен әлеуметтік әріптестер қойған сұрақтарға жауап берді.

Актив соңында әлеуметтік серіктестер мен кәсіподақ активін марапаттау рәсімі өтті.

Кездесу өзара сенім және достық жағдайда өтті. Кездесуге қатысушылар бір-біріне ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы