Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығында Ди | Миннацэкономики РК

Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығында Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (жалғыз акционер) шешімімен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.

Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып экономика, қаржы және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы мамандар Сания Перзадаева, Расул Ержанов және Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дамир Суентаев тағайындалды.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің құрамына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров, ведомствоның аппарат басшысы Данабек Керімрай, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ербол Ахметов және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Самат Сағындықов қайта сайланды.

Бұл өзгерістер елдің табысты экономикалық дамуына ықпал ететін әйелдердің үлесін арттыру және Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшелерін мемлекеттік басқару жүйесіне тарту мақсатында қабылданғанын атап өткен жөн.