Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті қазақстандықтар! Конституция күнімен шын жүректен құ | Миннацэкономики РК

Құрметті қазақстандықтар!
Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 27 жыл. Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Біздің елдің Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады.

Тәуелсіздіктің төлқұжаты саналған Конституция - демократиялық, зайырлы мемлекеттің нышаны. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы оның мазмұнын жете біліп, талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

Ата заңымыздың қадірін біліп, айнымас құндылықтарына адал болайық! Еліміз тек биіктерден көрінсін, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

t.me/presseconomy