Get Mystery Box with random crypto!

ҰЭМ қызметкерлері ант қабылдады Ұлттық экономика министрлігі | Миннацэкономики РК

ҰЭМ қызметкерлері ант қабылдады

Ұлттық экономика министрлігінде жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шарада ведомство басшысы Ә.Қуантыров құттықтау сөз сөйледі.

Министр әріптестерін алдағы Конституция күнімен құттықтап, жаңа қызметкерлерге табыс тіледі.

«Барша мемлекеттік институттар мен әрбір қазақстандықтардың басты борышы - Конституцияда жазылған құндылықтарды қорғау әрі іске асыру болып табылады. Осындай маңызды күні қатарымызға қосылып жатқан мемлекеттік қызметкерлерді жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика құруға шақырамын. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын», - деді ол.

Сонымен қатар, Ә.Қуантыров мемлекеттік тілді дамыту саясатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Тіл шебері» және «Абайдың қара сөздері» байқауларының жеңімпаздарын мен жүлдегерлерін құрмет грамоталарымен марапаттады.

t.me/presseconomy