Get Mystery Box with random crypto!

Дүниежүзілік Банк Қазақстанның мемлекеттік қаржысының жағдайы | Миннацэкономики РК

Дүниежүзілік Банк Қазақстанның мемлекеттік қаржысының жағдайы туралы баяндама дайындайды

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Дүниежүзілік банк өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекеттік қаржыға шолу жүргізу мәселелері талқыланды.

ДБ мамандары алғашқы зерттеулерді жүргізіп, аталған жұмыстың алдын ала қорытындыларын ұсынды. Халықаралық сарапшылар мемлекеттік сектор тиімділігінің фискалдық және институционалдық негіздерінің қорытындыларын, проблемаларын және болашақ қадамдарын ұсынды.

Бұдан басқа, жиында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, құжатты бірлесіп пысықтау жөніндегі жоспарлары мен мерзімдері талқыланды.

t.me/presseconomy