Get Mystery Box with random crypto!

  Ұлттық экономика министрі Eurasian Management Solutions аген | Миннацэкономики РК

  Ұлттық экономика министрі Eurasian Management Solutions агенттігінің басшысымен кездесті

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Eurasian Management Solutions агенттігінің басшысы Томас Хельммен кездесті.

Кездесу барысында Томас Хельм Қазақстанға неміс компанияларын тартумен айналысатын және Германияда отандық бизнесті жылжытуға ықпал ететін ұйымның негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Eurasian Management Solutions түрлі салаларда кеңес беру қызметтерін көрсетуге дайын.

Министр бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, инфрақұрылымды және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы өңірлер арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру жөніндегі шараларға назар аударды.

Сонымен қатар, ҚР-да инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән береді және шетелдік инвесторлар үшін әрдайым ашық.

Тараптар жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті.

t.me/presseconomy