Get Mystery Box with random crypto!

ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік банктің басшылығымын екіжақты ынтымақ | Миннацэкономики РК

ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік банктің басшылығымын екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
 
Ұлттық экономика министрі және Қазақстаннан Дүниежүзілік банк басқарушысы Әлібек Қуантыров Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орта Азия аймағы бойынша Вице-президенті Анна Бьердемен кездесу өткізді.

ҰЭМ басшысы ҚР мен ДБ-ның 30 жылдық жемісті стратегиялық ынтымақтастығын атап өтіп, Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына бағытталған болашақ бірлескен жобалар туралы хабарлады.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бүгінгі таңда бәсекелестік саясаттың, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, қаржы секторын дамыту, агломерация туралы жаңа Заң дайындау, әлеуметтік қорғауды жақсарту және адами капиталды дамыту мәселелері бойынша ДБ-мен өзара іс-қимыл жалғасуда.

Бұдан басқа, Қазақстан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын табысты іске асыруға мүдделі.

Қорытындылай келе, Ұлттық экономика министрі Дүниежүзілік Банкке Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

А.Бъерде ханым ҚР мен ДБ өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, барлық негізгі бағыттар бойынша қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі Дүниежүзілік банктің әділ өсу, қаржы және институттар мәселелері бойынша Вице-президенті Индермит Гиллмен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаһандық инфляциямен күрес, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

ҰЭМ басшысы ҚР Президенті жариялаған реформалар аясындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары туралы айтып берді.

"Ағымдағы жылы макроэкономикалық тұрақтылыққа, экономиканы әртараптандыруға, адами капиталды дамытуға және мемлекеттік басқаруға бағытталған Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Сондай - ақ, Үкімет 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын, 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын қабылдады", - деп хабарлады ведомство басшысы.

Өз кезегінде Индермит Гилл жаһандық үрдістер аясында Қазақстан экономикасының өсу динамикасы оң аймақта қалып отырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылдың перспективаларын белгілеп, өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер әзірлеу үшін тұрақты байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

t.me/presseconomy