Get Mystery Box with random crypto!

ҰЭМ басшысы Citigroup банкінің өкілдерімен экономикалық ынтыма | Миннацэкономики РК

ҰЭМ басшысы Citigroup банкінің өкілдерімен экономикалық ынтымақтастықты талқылады
 
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Вашингтонда Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесті.

Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық, соның ішінде инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ҰЭМ басшысы Қазақстандағы экономикалық жағдай, жаһандық тұрақсыздық жағдайында Үкіметтің әрекет ету шаралары, фискалдық саясаттағы өзгерістер және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып берді.

Министр елде енгізілетін контрциклдық бюджеттік ережелерге жеке тоқталды. Ол бюджеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Өз кезегінде, Джули Монако Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалап, инвестициялық тартымдылықты сақтау үшін оларды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар "жасыл" экономиканы дамыту мәселелерін талқылады. Ә.Қуантыров Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін бар күшін салатынын атап өтті. Мемлекет экономиканың корпоративтік және квазимемлекеттік секторларында ESG-стандарттарын белсенді енгізуді ынталандырады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды күшейтуге және экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға келісті.

t.me/presseconomy