Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық экономика министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кез | Миннацэкономики РК

Ұлттық экономика министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы) әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монаримен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҰЭМ басшысы Қазақстан мен БҰҰДБ-ның жемісті ынтымақтастығын, сондай-ақ Ұйымның Нұр-Сұлтандағы Елдік кеңсесінің айтарлықтай үлесін атап өтті.

Ол сондай-ақ Монари ханымға 16-17 маусым аралығында Алматыда өткен ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) өңірлік саммитіне қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Ә.Қуантыров БҰҰ алаңында таяуда ұсынылған Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі екінші Ерікті ұлттық шолуының негізгі тармақтарына жеке тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы серіктестіктің негіздемелік бағдарламасын іске асыруды, сондай-ақ Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың негізгі бағыттарын талқылады.

Министрдің айтуынша, Қазақстан БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламасын қолдайды.

«Мен Елдік бағдарлама әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру, халықтың табысын арттыру, инвестициялық саясат пен қаржы секторын дамыту бойынша реформалар көзделген Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Ә.Қуантыров Қазақстан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты. Атап айтқанда, БҰҰДБ үш жаңа өңір – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын дамытуға өз үлесін қоса алады.

Өз кезегінде, Уша Рао-Монари БҰҰ Қазақстанның тұрақты дамуына қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екендігін растады.

t.me/presseconomy