Get Mystery Box with random crypto!

Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1 100-ден аса жоба іске асады | Миннацэкономики РК

Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1 100-ден аса жоба іске асады

Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1100-ден аса жоба іске асады. Елді мекендерде әлеуметтік нысандар бой көтереді немесе ескісі жөнделеді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру көзделген.

Жалпы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген.

Ауқымды іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр.

Сонымен қатар, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жалғасады. Баспана алу мен салу үшін де бюджеттік несие қарастырылған.

Нұрлан Мақсұтов ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары:

«Дипломмен ауылға» жобасы іске асуда. Биыл осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін 4300 жас маманды ауылдық елдімекенге тарту жоспарланған».

t.me/presseconomy